Артқа
Эрекция қандай болуы керек?
Эрекцияны бұзу немесе эректильді дисфункция – ерлер арасында жиі кездесетін мәселе. Көптеген адамдар қандай эрекцияны норма деп санайтын сұрақты қауіптене қоятыны таңқаларлық емес жағдай.
Сұраққа жауап беру үшін ерлердің анатомиясы қалай жұмыс істейтінін қарастырайық.
Жыныс мүшесі және эрекция механизмі
Жыныс мүшесі екі үңгірлі (кавернозды) денеден және бір кемікті денеден тұрады.
Жыныстық қозу кезінде – бұл жыныстық қиялдар, көру немесе физикалық ынталандырулар болуы мүмкін – кемікті және үңгірлі денелерге қан келеді, ермүше қатты және серпімді болады, эрекция пайда болады.
Жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін кері процесс орын алады, және ермүше тыныштық күйіне оралады: артериялар тарылады, кавернозды денелерден қан ағады және эрекция өтеді.
Эрекция фазалары
Қалыпты эрекцияны төрт фазаға бөлуге болады:

Тыныштық фазасы.
Жыныс мүшесі, қанның көлемі және оның «кеміктердегі» (каверналардағы) қысымы өзгеріссіз қалады.

Ісіну фазасы.
Ермүше үлкейеді – ұзарады және диаметрінде ұлғаяды, каверналардағы қысым артады.
Фазаның ұзақтығы ынталандырудың жасына және қарқындылығына байланысты.

Қаттылық фазасы.
Қысымның және қан ағымының күрт артуы нәтижесінде ермүше қатаяды.

Босаңсу фазасы.
Ермүше өлшемі кішірейеді, жұмсақ бола бастайды.
Фазаның өзін екі кезеңге бөлуге болады. Алдымен, қанның жылдам қайтуы орын алады, содан кейін қан ағымының жылдамдығы бастапқы деңгейіне дейін азаяды*.
Эрекция түрлері: психологиялық және/немесе тактильді ынталандырулар
Эрекцияның әртүрлі түрлері, сондай-ақ жыныс мүшесінің қозуын тудыруы мүмкін факторлар бар.

Психогендік факторлар
Эрекция психологиялық ынталандырулардың салдарынан пайда болады. Олар: қыздырушы дауыс, жиіленген дем алыс, терінің иісі, армандар, қиялдар, естеліктер және т.б. болуы мүмкін.

Түнгі эрекция
Ұйқы кезіндегі эрекция – мүлде қалыпты құбылыс.

Дегенмен, ұзақ немесе ауыртатын эрекциялар ұйқының бұзылуына және жоғарыланған шаршауға әкелуі мүмкін, бұл дәрігерге жүгінуге себеп болып табылады.

Рефлекстер немесе жанасуға реакция
Сенсорлық тітіркендіргіштер жыныс мүшесінің жүйке ұшын н ынталандырады.
Эрекцияның жиілігі мен ұзақтығы
Ерлерде түнгі уақытта 3-5 эрекцияға дейін, ал күндізгі уақытта ұзақтығы әртүрлі болатын 10-15 эрекция пайда болуы мүмкін екендігі туралы деректер бар.
ELT диагностикалық тесті 2005 жылы ерлерде эрекцияның орташа ұзақтығы 5,4 минутқа тең екенін көрсетті*.
Жасы ұлғайған сайын эрекцияның жиілігі мен ұзақтығы, сондай-ақ эрекция кезінде қол жеткізілетін ермүшенің қаттылығы төмендейді.
Табиғи эрекцияға не кедергі келтіруі мүмкін
Стресс немесе кейбір дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері жыныстық функциянының бұзылу себебі болуы мүмкін.

Басқа ықтимал себептердің тізімінде – алкоголь, артық салмақ, сондай-ақ нейрогендік бұзылулар – жүйке жүйесінің аурулары*.
Кең таралған ауытқулар
Эректильді дисфункция (ЭД)
ЭД ер адамның жыныстық өмірінің сапасына және эмоционалдық әл-ауқатына әсер ететін кең таралған проблема болып табылады.
Жыныстық бұзылыс ретінде ЭД-ның клиникалық сипаттамасы толық жыныстық қатынас үшін қажетті эрекцияға қол жеткізу немесе оны сақтау қабілетсіздігі болып табылады.

Эректильді дисфункция егде жастағы ер адамдарда жиі дамитына қарамастан, жас ер адамдар да одан зардап шегеді.

Ерте эякуляция (ЕЭ)
EЭ – жыныстық дисфункцияның бір түрі, ол кезде ер адам шәуеттің шығуын бақылай алмайды және ерте эякуляцияны – жыныстық қатынас басталғаннан кейін шамамен 3 минуттан кейін болады.
IELT диагностикалық тесті мерзімінен бұрын эякуляцияның үш ауырлық деңгейін сипаттайды:

Ауыр
Шәует шығару жыныс мүшесін қынапқа кіргізгенге дейін немесе жыныстық қатынас басталғаннан кейін 15 секунд ішінде басталады.

Орташа
Жыныстық қатынас бір минуттан аз уақытқа созылады.

Жеңіл
Жыныстық қатынас 2 минуттан аз уақытқа созылады.

ЕЭ себептері психологиялық, неврологиялық, урологиялық, гормондық және андрологиялық болуы мүмкін.

Аурудың нақты шығуын анықтау және тиімді емдеуді тағайындау үшін дәрігердің кеңесі қажет.
Приапизм
Приапизм – жыныстық қозудан және жыныстық ынталандырудан тыс пайда болуы мүмкін ұзаққа созылатынэрекция.
Әдетте, бұл бұзылыс кезінде эрекция 4 сағатқа дейін немесе одан да ұзақ созылады.
Жыныстық функцияны қалай жақсартуға болады
Эрекцияны қалыпқа келтіру үшін уролог-дәрігерлер мен андрологтар келесі кеңестерді пайдалануғаұсынады.

Зиянды әдеттерден бас тартыңыз
Факт: Никотин сіздің жүрегіңіз бен миыңызды ғана емес, сондай-ақ жыныс мүшелерін де қоректендіретін қан тамырларын тарылтады.

Салмағыңызды қадағалаңыз
Артық килограмдар тұрақты эрекцияға жауап беретін тестостерон деңгейін төмендетеді.

Белсенді болыңыз
Спортпен айналысыңыз және кіші жамбас мүшелеріне қан ағымын ынталандыратын жаттығуларды таңдаңыз.
ЭД-ның дәрі-дәрмектік терапиясы
Бүгінгі күні эрекцияның бұзылу терапиясы үшін 5-ші типті фосфодиэстераза ингибиторлары (ФДЭ-5) қолданылады.

Бұл препараттар организмдегі циклдік гуанозинмонофосфатты (ЦГМФ) ыдырататын ФДЭ-5 ферментінің әсерін бұғаттайды.

ЦГМФ ермүшенің кавернозды денелерінің тегіс бұлшықеттерінің босаңсуында маңызды рөл атқарады, бұл қан ағымын арттыруға және эрекцияның пайда болуына мүмкіндік туғызады.
Қазіргі уақытта қазақстандық нарықта төрт ФДЭ-5 ингибиторы бар: силденафил, тадалафил, варденафил және уденафил.
Тадалафил: эректильді дисфункция терапиясына заманауи тәсілі
Эректильді дисфункцияны емдеу үшін қолданылатын Тадалафил 20 мг ЭД бар ерлерде оргазм мен эякуляция сапасын айтарлықтай жақсартады.

Деректер ~3500 емделуші қатысқан 17 плацебо-бақыланатын зерттеулерді бағалау кезінде алынған.

Тадалафилді (5, 10 және 20 мг) 12 апта бойы қабылдаған ерлердің 66%-ы плацебо тобындағы (p <0,001) 36%-бен салыстырғанда эякуляциялық функциясының айтарлықтай жақсарғанын көрсетті. ЭД-мен ауыратын ерлердің 66%-ында оргазм сапасы да оңға өзгерді (плацебо тобында - 35%, p<0,001).
Тадалафилдің негізгі артықшылығы, әсер ету ұзақтығы-соның арқасында емделулердің көпшілігі оған басымдық береді.ы. Сонымен, бақылаулардың 45%-ында тадалафилді таңдаудың себебі оның әсер ету ұзақтығы, ал 37%-ында – тиімділігі болды.
J.R. Tolra және авторластарының деректері бойынша, ерлердің 50% тадалафилді таңдауды дәрі қабылдағаннан кейінгі келесі күні белсенді жыныстық өмірді жүргізу мүмкіндігімен түсіндірді. Тадалафилдің, силденафилге қарағандағы, тағы бір артықшылығы майлы тағам мен алкоголь оның фармакокинетикасына әсер етпеуі, яғни тадалафилдің сіңу жылдамдығы мен дәрежесі тамақты және алкогольді қабылдаудан тәуелді емес фактісі болып табылады.
Дереккөздер
  1. Современные представления о механизме эрекции.
  2. How Long Can An Erection Last.
  3. Paduch D.A., Bolyakov A., Polzer P.K., Watts S.D. Effects of 12 weeks of tadalafil treatment on ejaculatory and orgasmic dysfunction and sexual satisfaction in patients with mild to severe erectile dysfunction: integrated analysis of 17 placebo-controlled studies // BJU Int. 2013. Vol. 111. № 2. P. 334–343.
  4. Von Keitz A., Rajfer J., Segal S. et al. A multicenter, randomized, double-blind, crossover study to evaluate patient preference between tadalafil and sildenafil // Eur. Urol. 2004. Vol. 45. № 4. P. 499–507.
  5. Lee J., Pommerville P., Brock G. et al. Physician-rated patient preference and patient- and partner-rated preference for tadalafil or sildenafil citrate: results from the Canadian ‘Treatment of Erectile Dysfunction’ observational study // BJU Int. 2006. Vol. 98. № 3. P. 623–629.
  6. Tolra J.R., Campana J.M., Ciutat L.F., Miranda E.F. Prospective, randomized, open-label, fixed-dose, crossover study to establish preference of patients with erectile dysfunction after taking the three PDE-5 inhibitors // J. Sex. Med. 2006. Vol. 3. № 5. P. 901–909.
  7. Althof S.E., Rubio-Aurioles E., Kingsberg S. et al. Impact of tadalafil once daily in men with erectile dysfunction-including a report of the partners’ evaluation // Urology. 2010. Vol. 75. № 6. P. 1358–1363.
03.07.2023
Бөлісу
Басқа мақалалар