Артқа
Сау эрекцияны қалай қайтаруға болады?
Проблеманың өзектілігі
Эрекцияның бұзылуы (эректильді дисфункция, ЭД) барлық жастағы ер адамдар үшін өзекті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметтеріне сәйкес, 21 жастан асқан әрбір он ер адамның біреуі өзінде ЭД белгілерін табады, және 40 жастан кейін бұл мәселе одан да кеңірек таралады.
Кейбір ер адамдар жағдайды сабырмен қабылдайды, ал басқалары айтарлықтай эмоционалдық ыңғайсыздықты басынан кешіреді, ол депрессияға айналуы мүмкін.

Кез келген жағдайда эрекцияның төмендеуі немесе оның толық болмауы емдеуді қажет етеді.

Дәрігерлер жыныстық функцияның бұзылуын тудыруы мүмкін факторларды анықтайды және жояды, содан кейін қалыпты эрекцияны қалпына келтіру үшін шара қолданады.

Осы мақсатта әртүрлі амалдар пайдаланылады: дәрілік емес әдістер де, сондай-ақ дәрілік терапия да.
Бұзылулардың себептері
Эректильді дисфункция үнемі қандай да бір аурудың салдары болып табылмайды.

Әрбір ер адамның өмірінде кем дегенде бір рет жыныстық сәтсіздік орын алған. Көбінесе, бұл жаман әдеттерге немесе жинақталған күйзеліске байланысты.

Мұндай жағдайларда тұрақты эрекцияны сақтау үшін өміріңізге түзетулер енгізу – ұйқыны тұрақтандыру, тамақ пен сусындар ішудегі әдеттерді қайта қарау және темекі шегуден бас тарту, жеткілікті.

Эрекцияның болмауының мүмкін себептері:
– жүрек-қан тамырлары аурулары;
– эндокриндік патологиялар;
– неврологиялық аурулар;
– кіші жамбас мүшелерінің оталары немесе ауыр жарақаттары;
– психикалық аурулар;
– кіші жамбас мүшелерінің инфекциялық аурулары.
Осы аталған аурулардың аясында эрекцияны емдеу үшін негізгі аурудың терапиясын және онымен ілеспе бұзылыстарды түзетуді қамтитын кешенді амалдар талап етіледі.
Эрекцияны қалай қалпына келтіруге болады
Эрекцияны қалпына келтіруді шартты түрде 4 топқа бөлуге болады.
Жалпы іс-шаралар
Ер адам өзінің өмір салтын ретке келтіреді, бұл:

– алкоголь мен темекі шегуден бас тартуды;
– үйлесімді тамақтануды;
– ұйқы мен сергектіктің жөнге салынған режимін. білдіреді.
Дәрілік терапия
Ауыр жыныстық дисфункция дәрілерсіз түзетуге көнбейтін жағдайда дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Препараттардың негізгі тобы – бұл фосфодиэстеразаның 5-ші типті ингибиторлары (ИФДЭ-5), мысалы, тадалафил.
~3500 адам қатысқан 17 зерттеудің деректері негізінде 20 мг тадалафил эректильді дисфункциясы бар ерлерде оргазм мен эякуляцияның сапасын айтарлықтай жақсартатыны белгілі болды.

Тадалафилді (5, 10 және 20 мг) 12 апта бойы қабылдаған ерлердің 66%-ында плацебо тобындағы 36%-бен (p <0,001) салыстырғанда эякуляциялық функцияның айтарлықтай жақсарғаны анықталды. ЭД-мен науқас ерлердің 66%-ында оргазм сапасы да оң өзгерді (плацебо тобында – 35%, p <0,001).

Тадалафилдің басты артықшылығы – әсер ету ұзақтығы, соның арқасында пациенттердің көпшілігі оны ұнатады. Атап айтқанда, бақылаулардың 45%-ында тадалафилді таңдаудың себебі оның әрекет ету ұзақтығы, ал 37%-ында – тиімділігі болды.

J.R. Tolra және авторластарының деректері бойынша ерлердің 50%-ы тадалафилді таңдауды дәрі қабылдағаннан кейінгі келесі күні белсенді сексуалды өмірді жүргізу мүмкіндігімен түсіндірді. Тадалафилдің тағы бір артықшылығы майлы тамақ пен алкоголь оның фармакокинетикасына әсер етпеуі, яғни тадалафилдің сіңу жылдамдығы мен дәрежесі тамақ пен алкогольді қабылдауға тәуелді емес.
Басқа дәрілік әдістерге мыналар жатады: қан тамырларын кеңейту үшін – ермүшенің жұмсақ тіндеріне препараттар инъекциясы, – ал емдеуге қосымша ретінде – өсімдік биоқоспаларын қабылдау.
Дәрілік емес емдеу әдістері
Дәрілік емес емдеу арнайы құрылғыны – вакуумдық эректорды, пайдалануды тұспалдайды.

Помпаның көмегімен ермүшенің айналасында терең емес вакуум пайда болады. Ермүшенің үңгірлі денелеріне қанның ағыны артады, бұл өз кезегінде эрекцияны тудырады.

Әдістің кемшілігі – ермүшедегі ауырсыну және қанталаудың түзілуі.
Хирургиялық араласулар
Хирургиялық процедура терапияның басқа әдістерінің көмегімен түзетілуге көнбейтін ЭД-ның терең асқынулары жағдайында жасалады.

Хирургиялық араласудың негізгі әдісі ермүшенің үңгірлі денелеріне арнайы протездерді имплантациялау (эндофаллопротездеу) болып табылады.

Бүгінгі күні жаппай таралуын шектейтін процедураның кемшілігі – отаның жоғары құны.
Дереккөздер

  1. Эректильная дисфункция. Библиотека пациента. Урология | Пушкарь Д.Ю., Раснер П.И. | «РМЖ» № 18 от 01.08.2013
  2. Paduch D.A., Bolyakov A., Polzer P.K., Watts S.D. Effects of 12 weeks of tadalafil treatment on ejaculatory and orgasmic dysfunction and sexual satisfaction in patients with mild to severe erectile dysfunction: integrated analysis of 17 placebo-controlled studies // BJU Int. 2013. Vol. 111. № 2. P. 334–343.
  3. Von Keitz A., Rajfer J., Segal S. et al. A multicenter, randomized, double-blind, crossover study to evaluate patient preference between tadalafil and sildenafil // Eur. Urol. 2004. Vol. 45. № 4. P. 499–507.
  4. Lee J., Pommerville P., Brock G. et al. Physician-rated patient preference and patient- and partner-rated preference for tadalafil or sildenafil citrate: results from the Canadian ‘Treatment of Erectile Dysfunction’ observational study // BJU Int. 2006. Vol. 98. № 3. P. 623–629.
  5. Tolra J.R., Campana J.M., Ciutat L.F., Miranda E.F. Prospective, randomized, open-label, fixed-dose, crossover study to establish preference of patients with erectile dysfunction after taking the three PDE-5 inhibitors // J. Sex. Med. 2006. Vol. 3. № 5. P. 901–909.
  6. Althof S.E., Rubio-Aurioles E., Kingsberg S. et al. Impact of tadalafil once daily in men with erectile dysfunction-including a report of the partners’ evaluation // Urology. 2010. Vol. 75. № 6. P. 1358–1363.
06.08.2023
Бөлісу
Басқа мақалалар